• Басты бет
  • /
  • Біздің мектепте мемлекеттік тіл күні
Біздің мектепте мемлекеттік тіл күні

Біздің мектепте аптаның әр сәрсенбісі мемлекеттік тілге арналады.
"Мемлекеттік тіл" күнін өткізудің мақсаты - оқушыларды мемлекеттік тілді тереңірек үйренуге қызықтыру.
Бүгін 2023-2024 оқу жылының бірінші сәрсенбісі, осыған байланысты "Қазақшаңыз қалай?" атты іс шараға мектеп мұғалімдері мен білім алушылары қатысты.
Барлық қатысушылар белсенді болды, сұрақтарға жауап берді, викториналарға қатысып, түрлі сыйлықтарға ие болды.
Әр қатысушы мемлекеттік тілді білетіндігін көрсетіп, ерекшеленуге тырысты.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың тілдік білім деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық сананы нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай іс-шараларға қатысу балаларға мемлекеттік тілді оқытудың болашақ кәсіби және әлеуметтік өмірі үшін маңыздылығын көруге көмектеседі.